Француз тарихшысының кітабы қазақ тілінде жарық көрді

201
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/LBDhPiDvhAEoneM5YJYtQfwDgQIg1gq9ObwNzP57.jpg

Танымал француз тарихшысы Мари Фавероның «Алтын Орда» атты еңбегі қазақ тілінде жарық көрді, деп хабарлайды “Адырна”.

Вице-президент Ерлан Қарин автордың өзімен кездесіп, Алтын Орда тарихы туралы пікір алмасқанын мәлімдеді.

«Біз – Алтын Орданың тікелей мұрагерлерінің біріміз. Сондықтан бұл тақырып біз үшін маңызды», – деп жазды Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында.

Алтын Орданы зерттеуші Мари Фаверо:

"Бұл еңбек үшін өмірімнің 20 жылын арнадым. Студенттік жылдары көкейде бүр жарған Алтын Ордаға деген қызығушылық кейін үлкен ғылыми мұратқа айналды. Мен Көшпелілер империясының феноменін тар шеңберде қалдырмай, кеңінен көрсетуге ұмтылдым. Дала өркениетінің сан қырын таныту жолында жер шарын шарлап, міне Қазақстанға да табан тіредім. Бұл кітап тек өткеннің жаңғырығы емес, Франция мен Қазақ елі арасындағы рухани және ғылыми алтын көпірді бекемдей түсетін маңызды қадам", - деді.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Алматы қаласында кітаптың қазақ тіліндегі басылымы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында таныстырылды.

Мари Фавероның еңбегінде Алтын Орданың тарихы, оның Еуразия кеңістігіндегі орны және Орталық Азиядағы саяси әрі мәдени үдерістерге ықпалы баяндалады.

Сонымен қатар Ұлттық кітапхана мен Алматыдағы Француз альянсы мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Құжат аясында тараптар бірлескен мәдени-ағартушылық жобалар мен әдеби бастамаларды жүзеге асырып, түрлі іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

Comments