Франциядағы наразылықтар. Трамп ислам мен көші-қонды айыптады

195
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/QmZk9pg6mJcYFMItDug9P5yxs7ngkqIOdlUhxU2o.jpg

Ақ үй басшысы Дональд Трамп Франциядағы жаппай көші-қон жағдайы бақылаудан шығып кеткенін мәлімдеп, исламның бұл елді «жаулап алуға» ұмтылып жатқанын айтты. Бұл туралы америкалық көшбасшы өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Францияда болып жатқан жағдай – бақылаудан шыққан жаппай көші-қонның салдары. Мәселе мектептерде емес, исламның бір кездері ұлы мемлекет болған елді жаулап алуға ұмтылуында!» – деп жазды Трамп.

АҚШ президентінің бұл мәлімдемесі Францияда оқушылар мен студенттердің жаппай наразылық шерулері жүріп жатқан кезеңде айтылды. Наразылықтар қыркүйек айында Париж маңындағы аудандарда басталып, кейін бүкіл елге тараған болатын.

5 қазанда Францияның білім министрі Эдуар Жеффре шерулер басталғалы бері 190 оқушы зардап шеккенін хабарлады. Оның айтуынша, оқушылардың бір бөлігі тәртіпсіздіктер мен пиротехникалық құралдарды қолдану салдарынан жарақат алған. Осы уақытқа дейін елде акцияларға қатысқан жүздеген адам ұсталған.

Сол күні Франциядағы 24 білім беру мекемесінің наразылықтар кезінде өртенгені немесе тоналғаны белгілі болды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкін болмағандықтан, 400-ден 500-ге дейінгі лицей оқу процесін толық немесе ішінара тоқтату туралы шешім қабылдаған.

Comments