АҚШ-та «Масаның» ағылшынша аудармасы таныстырылды

283
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ojOYwH8FywSgMIiZTKaNm8irWX9clbirdPoSNfAC.webp

Стэнфордта Сан-Диего университетінің оқытушы-профессоры Джейк Завлацки Ахмет Байтұрсынұлының «Маса» жинағының ағылшын тіліндегі тұңғыш аудармасын көпшілікке таныстырды. Бұл туралы 10 қазанда Қазақстанның Сан-Франциско қаласындағы (АҚШ) Бас консулдығы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Аудармашы Орталық Азия мәдениетін ұзақ жылдар зерттеп, бұған дейін Қазақстан, Қырғызстан және Моңғолияда тұрып, өңірдің тарихы мен әдебиетіне қызығушылық танытқан. Оның айтуынша, ол қазақ мәдениетімен танысқаннан бері Алаш қозғалысына ерекше қызығушылық танытып келген. Сондықтан Алаш қайраткерлерінің бірінің шығармасын ағылшын тіліне аударуды мақсат еткен. «Маса» жинағын аудару барысында бірқатар қиындықтар кездескен. Әсіресе қазақ поэзиясындағы тілдік ерекшеліктер мен көне сөздердің молдығы жұмысты күрделендірген. Алайда автор бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпаған шығарманы шетел оқырманына таныстыруды жөн көрген.

Іс-шарада Бас консул Назира Нұрбаева қазақ әдебиетін әлемге танытуға қосқан үлесі үшін авторға алғысын білдірді.

 

Comments