Польша премьер-министрі қаладағы атысты "теракт" деп атады

142
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/lMtlIqaOTqwg2o1gvvSWPN748pJX2jg3YtySS7Us.webp

Фото: Reuters

Польша премьер-министрі Дональд Туск Краков қаласының орталығында бес адамның өмірін қиған атысты "теракт" деп атады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Қазір полиция оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Дональд Тусктің айтуынша, ішкі істер министрі Краковтағы жағдай туралы оған тұрақты түрде ақпарат беріп отыр. Сондай-ақ Польша ішкі істер министрі Марчин Кервиньский оқиға орнына бара жатыр.

Атыс 7 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00 шамасында Краков қаласындағы Бас базар алаңында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам жүріп бара жатқан көліктен көшедегі адамдарға оқ атқан.

Соңғы мәлімет бойынша, бес адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алған. Зардап шеккендердің арасында полиция қызметкерлері де бар.

Күдікті ұстау кезінде жараланып, ауруханаға жеткізілді. Құқық қорғау органдары шабуылдың барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

Бұған дейін Краков орталығындағы атыс салдарынан бес адам қаза тауып, тағы он адам жарақат алғаны хабарланған еді. Олардың арасында екі полиция қызметкері болған.

Comments