Ауылдағы шағын спорт залында үлкен арманға қанат бітірген 1700 жас спортшы Астанада бас қосты. 3–7 қараша аралығында өткен AUYL SPORT – 2026 республикалық турнирінде еліміздің 17 өңірінен келген өрендер сегіз спорт түрінен бақ сынап, 107 медаль сарапқа салынды. Биылғы жарыстың ерекшелігі – жеңімпаздардың жетістігі туған ауылдарына да жаңа мүмкіндік сыйламақ.

Үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылған додада балалар бокс, еркін күрес, каратэ, баскетбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі және шағын футболдан сынға түсті. AUYL SPORT – Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры қолдап отырған әлеуметтік жобалардың бірі. Бастама ауыл балаларының спортпен айналысуына, қабілетін шыңдауына және республикалық, халықаралық жарыстарда бақ сынауына мүмкіндік беріп келеді.
Турнирдің ашылуында сөз сөйлеген Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мұқышев ауыл балаларының спорттағы болашағы тұрғылықты жеріне немесе отбасының жағдайына тәуелді болмауы керектігін атап өтті.

«Баланың таланты мен жеңіске деген ұмтылысы оның қай жерде туып-өскеніне байланысты емес. Әр ауылда, әр елді мекенде үлкен спортты армандайтын балалар бар. Біздің міндетіміз – олардың сол арманға жетуіне мүмкіндік жасау», – деді ол.
Жарыстың әсерлі сәттерінің бірі – атасы мен әжесіне берген уәдесін орындаған жас чемпионның жеңісі. Былтыр ата-әжесі Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қорының қолдауымен Меккеге барған кезде, немересі де оларды алтын медальмен қуантуды армандаған. Биыл жас спортшы мақсатына жетіп, жеңісін жақындарына арнады.

Медальдық есепте Атырау мен Алматы облыстары бес-бестен алтын иеленіп, көш бастады. Маңғыстау облысы төрт алтынмен үздіктер қатарынан көрінсе, жалпы жүлде саны бойынша Түркістан облысы 16 медальмен алға шықты.
Турнирдің маңызды жаңалықтарының бірі – Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қорының еліміздің 10 ауылында көпфункционалды спорт алаңдарын салуды жоспарлауы. Алғашқы үш нысан биыл жеңіске жеткен командалардың ауылдарында бой көтермек. Алаңдар баскетбол, волейбол, шағын футбол және дене шынықтыруға арналмақ. Ең бастысы, олар сол ауылдағы барлық балаға қолжетімді болады.

Биыл жобаға 17 өңірдегі 400-ден астам ауылдан 12 мың бала қатысып, олардың арасынан іріктелген 1700 спортшы республикалық финалға жолдама алды. Қатысушылардың жол жүру, тұру және тамақтану шығындарын Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры толық өтейді. Сонымен қатар ауыл жаттықтырушыларының кәсіби біліктілігін арттыруға да көңіл бөлінген.
AUYL SPORT тәрбиелеген жас спортшылар халықаралық жарыстарда да табысқа жетіп жүр. Былтыр Сербияда өткен ISF U-15 Гимназиадасында үш алтын және бір қола медаль иеленсе, биыл Түркиядағы волейбол турнирінде Жансүгіров ауылының қыздары мен Өтеген батыр ауылының ұлдары чемпион атанды.

AUYL SPORT – 2026 турнирі мәресіне жетті. Бірақ оның нәтижесі табысталған медальдармен ғана өлшенбейді. Бүгін республикалық додада жеңіске жеткен бала ертең туған ауылындағы талай өренге үлгі болуы мүмкін. Ал бір жеңістің арқасында тұтас ауылда жаңа спорт алаңының бой көтеруі – Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры қолдап отырған бастаманың маңызды нәтижесі.

Today, representatives of the mass media got acquainted with the work of the republican election headquarters of the "AMANAT" party
