Қандастар Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ тапсыра алады

123
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/hMqkPZWocHQqrcYkqKGhkq1pRwzAWa4tclgyMqYK.webp

Шетелде тұратын этникалық қазақтар Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатыса алады, деп хабарлайды “Адырна”. 

Олар тестілеуді жылына төрт рет қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз айларында тапсыруға құқылы.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, шетел азаматтары ҰБТ-ға app.testcenter.kz сайты арқылы тіркеле алады. Тестілеу ақысы – 5 640 теңге.

Ақылы бөлімге оқуға түсуді жоспарлаған талапкерлер үшін ҰБТ тапсыру міндетті емес. Олар жоғары оқу орнына әңгімелесу нәтижесі бойынша қабылдана алады. Ал мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысу үшін негізгі ҰБТ-дан өту қажет. Грант конкурсына өтініштер сәуір айында қабылданады.

Қазақстан азаматының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бар талапкерлер тіркелу кезінде тиісті бөлімге өз нөмірін енгізуі керек. Ал 18 жасқа толмағандар ата-анасының немесе заңды өкілінің деректерін көрсетуі тиіс.

ЖСН-ы жоқ шетел азаматтары «ҚР ЖСН жоқ» бөлімін таңдап, жеке мәліметтерін толтырады. Тіркеу аяқталған соң оларға 12 таңбалы код беріледі.

ҰБТ пәндерінің саны талапкер таңдаған мамандық пен оқу мерзіміне байланысты.

Comments