ЭЫҰ саммиті 3-4 желтоқсан күндері Тегеранда өтеді

370
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/JvEAWbIRxObBh35WyxzgkWkAM5RJH06OyhdgwMti.png

Фото: newscentralasia

2026 жылғы 3–4 желтоқсанда Иран астанасы Тегеранда Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше мемлекеттер басшыларының саммиті өтеді. Бұл туралы Иранның бірінші вице-президенті Мұхаммад Реза Ареф мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tasnim News сайтына сілтеп.

Оның айтуынша, алдағы саммит аймақтық ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық және өзге де байланыстарды дамытуға мүмкіндік береді.

Мұхаммад Реза Арефтің мәліметінше, халықаралық жиынға дайындық жұмыстары басталып кеткен. Осыған байланысты барлық министрлер мен үкімет мүшелеріне саммиттің ұйымдастыру комитетімен тығыз байланыста жұмыс істеу тапсырылған.

Айта кетейік, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының құрамына 10 мемлекет кіреді. Олар – Қазақстан, Иран, Әзербайжан, Түркия, Пәкістан, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан. Қазақстан ұйымның мүшесі ретінде алдағы саммитке қатысатын елдердің қатарында.

Comments