Ақтауда полицейлер әйелді суицидтен құтқарды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ жаңалықтары мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
”1 қазан түнгі сағат 01.40 шамасында 102 желісіне Ақтау қаласының көпқабатты үйлерінің бірінің 5-ші қабатының балкон қоршауынан әйел адамның секірейін деп жатқандығы туралы хабар түсті. Шақыртуға патрульдік полиция жасағы және ПБ арнайы қабылдау орнының бастығы барды. 41 жастағы азаматша балкон қоршауына отырып, ешкімнің өзіне жақындамауын талап еткен. Арнайы қабылдау орнының бастығы ӨркенӘйелдің мас күйде болғаны анықталды. Сондай-ақ, жеке басын анықтау барысында оның наркологиялық есепте екені белгілі болды. Ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.Жүсіпбеков онымен әңгімелесіп, одан асығыс әрекеттер жасамауды өтінді. Полиция қызметкері әйелді сөзге тартып, көңілін аулап, оған жақындай бастады. Секіруге дайын тұрған әйел қолын жібере бергенде тәртіп сақшысы жылдам әрекет етіп, санаулы секунд ішінде оны ұстап алды” ,-делінген хабарламада.Related newsNurlan Auesbayev, candidate for the presidency of the Republic of Kazakhstan, met with voters in the capital
”Адырна” ұлттық порталы