Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Елена Рыбакина финалда әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен бас жүлдені сарапқа салды. Қарсыластар осыған дейін өзара бір рет жолығып, онда украиналық теннисші жеңіске жеткен еді. Бұл жолы Ангелина Калинина матчты бірден брейкпен бастады – 2:0. Дегенмен Елена таразы басын теңестіріп, өзі алға шықты – 4:3. Сосын бір сағатқа жуық уақытқа созылған сетті брейкпен бітірді – 6:4. Екінші партия басында есеп 0:1 болғанда, украиналық теннисші бәсекені жалғастырудан бас тартты. Бір сағат 3 минутқа созылған матч барысында Елена Рыбакина 3 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) шектелді. Осылайша, Елена Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет Рим мастерс турнирінің чемпионы атанды. Алдағы дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингіде қазақстандық теннисші 4-орынға көтеріледі.Related news
The Embassy of China in Kazakhstan celebrated the 74th anniversary of the founding of the Republic of China
A public discussion will be held in Almaty regarding the construction project of the nuclear power plant
It was reported that the guy, who was upset with his girlfriend, tried to jump from the big road bridge