«Almaty Mount Fest» фестивалі 29 қыркүйекте ашылады

1234
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/snimok-veb-straniczy_3-10-2023_1322_www.gov_.kz_.jpeg
Жыл сайынғы Almaty Mount Fest тау спорты фестивалі 29 қыркүйек күні сағат 15.00-де Абай алаңында салнататты түрде ашылады. Бұл күні тіркелген спортшылар старттық пакеттерін алып, кейінгі екі күнде таулы жердегі қиындықтарды бағындырып, жеңіске жету үшін бар ерік-жігерін салып, төзімділік пен шыдамдылық танытуы тиіс. Фестиваль күндері белсенді спортты ұнататындар туриада, downhill, skyrunning және альпиниадада бақ сынап көреді. Белсенді жарыстардан бөлек, алматылықтар мен қала қонақтарына ауқымды мәдени-сауықтық бағдарлама да ұсынылмақ. Бағдарлама аясында ырғақты DJ-сеттері, тақырыптық шеберлік-сағаттары, байқаулар, сонымен қатар тау туризмі гидтері мен нұсқаушыларының білімін жетілдіруге арналған Shymbulak Outdoor Meetings кездесуі ұйымдастырылады. Жарыстарға және іскерлік Форумға тіркелген қатысушылардың жайлы жүріп-тұруы үшін, әрі 1 қазан күні жолдардың ішінара жабылуына байланысты «Шымбұлақ» ТК тегін автобустар ұсынып отыр. Олар 1 және 2 қазан күндері Абай көшесі мен Достық даңғылының қиылысынан сағат 8:00-ден қатынай бастайды. Оған қоса, Алматы әкімдігі іс-шара өтетін күндері «Медеу» мұз айдынына дейін қатынайтын №12 қалалық автобус бағыттарына қосымша автобустар жібереді. Almaty Mount Fest 2023 бағдарламасы: 29 қыркүйек 2023 ж. - Абай алаңындағы салтанатты ашылу рәсімі, старттық пакеттер беру, БАҚ тіркеу; 30 қыркүйек 2023 ж. - бұқаралық туристік жорық (ТУРИАДА), онда 6 мен 14 жас аралығындағы балалар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнайы дайындалған бағыттар да бар; - тау велосипедімен төмен түсу жарысы (DOWNHILL); 1 қазан 2023 ж. - таулы жерде жүгіру жарысы (SKYRUNNING); - «Молодежный» шыңына жаппай көтерілу (АЛЬПИНИАДА). 2 қазан 2023 ж. - «Тау туризмін дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында өтетін халықаралық іскерлік форум; - салтанатты жабылу рәсімі. Фестиваль өтетін негізгі жерлер – «Медеу» ТСК мен «Шымбұлақ» ТК. Дүниежүзілік туризм күніне орайластырылған фестиваль 4 күн қатарынан өтеді. Қосымша ақпаратты сайттан алуға болады. Фестивальге қатысу үшін аккредитациядан өткен журналистер БАҚ арналған бейдждерді 26 қыркүйек Абай алаңында сағат 16:00 мен 19:00 аралығында баспасөз-орталығының қызметкерлерінен ала алады.
Comments
Other materials