Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жолдап, оларды Халықаралық волонтерлар күнімен құттықтады, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
«Бүгін, Халықаралық волонтерлар күнінде біз басқаларға жанқиярлықпен көмектескендерді құрметтейміз. Біздің волонтерлар мейірімділік пен қайырымдылық, ынтымақ пен азаматтық жауапкершіліктің жоғары идеалдарын бейнелейді. Бұл іргелі құндылықтар «Адал Азамат» тұжырымдамасының негізінде жатыр. Әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға қатысып, қайырымдылық жобаларын жүзеге асырып, мұқтаж жандарға қамқорлық жасап жүргендердің барлығына алғыс айтамын. Шығармашылық іс-әрекеттеріңізде шынайы патриотизм көрінеді. Мемлекет елдегі еріктілер қозғалысына қолдау көрсетуді жалғастырады», - деп жазды Президент өзінің X (Twitter) парақшасында. БҰҰ-ның ресми сайтында Халықаралық еріктілер күнін БҰҰ Бас Ассамблеясы бекітті. Ол жыл сайын 5 желтоқсанда тойланады. «Бұл күн еріктілер мен ұйымдар үшін өз жетістіктерін атап өтуге, идеялармен бөлісуге және жергілікті қауымдастықтар, үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), БҰҰ агенттіктері, мемлекеттік органдар жәнеRelated news
«Адырна» ұлттық порталы