Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында бірқатар саясатшылар мен қоғамның жекелеген өкілдері жиі ауызға алып жүрген "қосарланған билік жүйесі" туралы айтты. Мұндай сұрақтың қойылуының өзі бұл қатер қағаберіс қалатын мәселе емес екендігін білдірсе керек.
Осы сұхбатта президент мырза білдірген бірер пікірге сілтеме жасап, өзім өрген ойдың орамын келтірейін. Бәлки, менің сөз жоралғым әлдебір әбігерлі әлеуметке жақпауы мүмкін, бірақ қоғамның бір пұшпағында 30 жылға жуық жүрген саясаткер ретінде біздің ауызға ешкім қақпақ бола алмайлы деп ойлаймын. /Сұхбаттағы сұрақ/ "Сіз 2019 жылы Президент лауазымына сайланғаннан кейін елімізде қосарланған билік жүйесі қалыптасты-мыс деген сөз тарады. Кейбіреулер біздің саяси жүйемізді Иранның, Сингапурдың жүйесімен салыстырды. Шынымен де, сол кезде елімізде екі билік орталығы орнағандай көрінді. Расымен солай болды ма?" - деген сұраққа президент Тоқаев өзінің қалыптасқан сабырлы адами тұрпатына сәйкес, салмақты және ұстамды тұрғыда жауап берді. (Шынында да, мемлекет пен халықтың тағдырын бір адам арам саяси пиғылы үшін иемденіп алмақ болған, елдің болашағын жеке бас мүддесіне құрбан қылуға әрекеттенген бұл мәселені байыппен емес, айғайлап айтуға болар еді. - Бұдан былайғы жақшаның ішіндегі - менің ремаркам). "Төтесінен қойған сұрағыңызға тура жауап берейін, - деді Тоқаев мырза... - «Билік транзиті» кезіндегі ахуалды саясаттағы айлакерлер (кім екені - бесіктегі балаға мәлім) өз мүддесіне пайдаланып, қосамжарланған билік орталығын құруға тырысты. Елімізде Президент әрі Жоғарғы Бас қолбасшы лауазымы бір бөлек, бұрынғы Президент иеленген Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы лауазымы бір бөлек болды. Осы екі лауазымның иелері бір мезетте қатар қызмет атқарды. Түптің түбінде бұл жағдайдың билікте қатаң текетірес туғызбай қоймасы анық еді. Мұны аз десеңіз, дәл осы жағдай Қаңтар дағдарысына әкеп соқтырған алғышарттың бірі болды (!!!). Өйткені ымыраласқан қаскөйлер өздері ойлап тапқан қосарланған билік, яғни «тандем» идеясын дәріптеп, оны өз мүддесіне пайдаланғысы келді. Кейбір лауазымды тұлғалардың, оның ішінде бұрынғы Әділет министрінің мәртебе жағынан Елбасы (Назарбаев) Президенттен (Тоқаевтан) жоғары тұратынын айтқаны естеріңізде шығар. Кейбір шенеуніктер (бүгін де бар) біресе ана, біресе мына кабинетті жағалап жүрді. Олар ойнақтап жүріп, ақыры от басты. (Нұрлан Нығматулин, Ерлан Тұрғымбаев, Бауыржан Байбек, Асқар Мамин және т.б. жауапкерлер бар деп топшылайық). Мен кейінірек Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа оның жақын серіктерінің саяси қитұрқылығы еліміздің тас-талқанын шығара жаздағанын (!!!) ашық айттым...", - деді Тоқаев мырза өз сұхбатында. Иә, бүгінде "қосамжарланған билік"жойылды. Қаңтар оқиғасынан кейінгі елдегі саяси биліктің барлық тұтқасы мен тетіктері президент Тоқаевтың қолында. Бұл орайда алабөтен дау жоқ. Иә, әлі де елдегі жемқорлық жойылған жоқ, әлеуметтік әділеттілік орнап бітпеді. Прокуратура мен соттан қорғау таппай, зар илеп, әділет іздеп жүргендер аз емес. Ұрланған активтерді қайтару ісі мемлекеттік саяси-құқықтық науқанға айналмады. Дау басқада. Дау - 30 жылдық билікке әбден дәніккен сол назарбаевтық "ыстық" ықыластың қайтып келу қаупінде. Билік басында жүрген жекелеген азаматтар мені сендіргісі келеді: Назарбаевтың күні келмеске кетті деп. Мен бұл құрғақ уәжге илана алмаймын. Өзі келмесе де, оның жемқор, жатыпішер, жандайшап жақтастары жайбарақат жатыр ма? Олардың ескілікке аңсары ауған сұрқия сипатын Болат Назарбаевтың жеті күндік асында айтылған сөз астарынан аңғардық. "Әлем таныған", "ел мойындаған", "еңбегі сіңген", "әлі де берері бар" Назарбаевқа деген "халықтық құштарлықты" олар астың үстінде ашық айтты. Ал олар оңашада ошарлы жиындарында не айтып, қандай қисап құрып жүр - бұл бір Құдайға ғана аян болса керек ("КНБ" бұдан хабардар ма?). Қазақстанда люстрация туралы заң қабылданып, елге кедейшілік пен қымбатшылықтың қамытын кигізген біраз бұрынғы лауазымгер қамауға алынып, сот арқылы жазаға тартылмай, "қосамжар билік жүйесіне" құштарлар айылын жияр ма? Ұрланған миллиардтарды офшорға оқшаулаған олардың ертеңгі сайлауды "сатып алуға" қаржылық қауһары мол екеніне күмән жоқ. Жалпы, Назарбаевтың қайтып келу "құштарлығы" қайдан шыққан? Бұл сұрақтың жауабын 2019 жылдың 19-наурызынан іздеу керек сияқты. Қандай қысыммен, недей нәубеттен Назарбаев аяқ астынан "кеттім" деді? Кім немесе кімдер оны осыған мәжбүр етті? Анда-санда "шал, кет!" деген, әр жерден шашырапRelated news
Ермұрат Бапи