Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде ауыс-түйіс жасады

2144
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/izobrazhenie_2024-01-17_112707452.png
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Аймашевты Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі етіп тағайындады, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. «Мемлекет басшысының үкімімен Марат Мақсұтұлы Аймашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды», - делінген құжатта. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Аймашев бұған дейін Бас штаб бастығының орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабы Жедел жоспарлау басқармасының бастығы қызметін атқарған. Аймашев Марат Мақсұтұлы 1974 жылы 31 тамызда Краснодар өлкесінің (Ресей) Славянск-на-Кубань қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Алматы Әскери-әуе күштері училищесінде, 2008 жылы Қазақстан Ұлттық қорғаныс университетінде, 2014 жылы Беларусь Республикасы Әскери академиясының факультетінде оқыды.
Comments