Петропавлда ер адамды үйдің қабырғасы басып қалып, мерт болды

3262
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/img_2219.jpeg
Петропавлда жер үйді бұзып жатқан ер адам қабырға құлаған қабырға астында қалып қаза тапты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Оқиға 23 сәуір күні түс ауа болған. Ер адам бұзылып жатқан үйдің жанында тұрғанында оның үстіне қабырға құлаған. «23 сәуір күні сағат 15:00-де Петропавлдағы Партизанская көшесінде 49 жастағы ер адамды қабырға басып қалғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті, ол оқиға орнында қайтыс болды», - деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ведомствоның баспасөз хатшысы Мәдина Ерғалиеваның айтуынша, бұл дерек «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енгізілген.
Comments