Тоқаев пен Ердоған телефон арқылы бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтады

993
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/03/img_3869-960x500.jpeg?token=d6e4d7d46c0fa3e3ed0d633701a2169b
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Мемлекет басшылары бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтап, екі бауырлас елдің халқына бейбітшілік, береке және өркендеу тіледі. Әңгімелесу барысында қазақ-түрік стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайтуға деген берік ұстаным расталды. Ресми мәлімдемеде екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты ілгерілетуге ықпал ететін жоғары деңгейдегі саяси диалогты белсенді түрде жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді. Мемлекет басшылары сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясында өтетін алдағы кездесулердің кестесін талқылады. Еске сала кетейік, Түркияда соңғы уақытта билікке қарсы ірі наразылықтар өтуде. Стамбулдағы митингілерге жүз мыңдаған адам қатысқан. Наразылықтар барысында 1900-ге жуық адам ұсталып, олардың 260-ы сот шешімін күтіп қамауда отыр. Жергілікті билік 1 сәуірге дейін жиналыстар мен митингілерге тыйым салды.
Comments