Түрксіб. Тынышбаевтың дипломы жүзеге асқанына 95 жыл толды

1448
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_8749-960x500.jpeg?token=af7c4f27b38b1a2ed610467eb1e97074

Бүгін — Түрксіб темір жолы іске қосылған күн, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Осыдан 95 жыл бұрын, 1930 жылдың 1 мамырында Азия мен Сібір аралығын жалғастырған Түркістан-Сібір теміржолының ашылу салтанаты өткен еді. Бұл теміржол Семей қаласынан Алматы арқылы Жамбыл облысының Луговой бекетіне дейінгі аралықты жалғады. Ұзындығы — 1452 шақырым.

Түрксібті салудың басты мақсаты – кеңес одағының мақтаны шетелдерден сатып алуға тәуелділігін жою үшін оңтүстік республикалардағы егіс­тік жерлерді мақтаға босатып, ал ол жерлердегі халыққа қажет бидайды Сібірден, Қазақстаннан жеткізу болатын.

Теміржол құрылысы 1927 жылы басталып, 1931 жылы толығымен аяқталған. Құрылыс инженері Мұхамеджан Тынышбаев болды. Жұмыс күші ретінде 1929 жылы 40 мың, 1930 жылы 50 мың адам тартылды. Ресей мен Украинадан мамандар, инженерлер келді. Ал қара жұмыстарға қыр қазақтары тартылғандықтан, ұлттық мамандар дайындау қоса жүргізілді. Түрксіб жайлы еңбектерге сүйенсек, осы жылдары 10 мыңнан астам қазақ теміржолда еңбек етті. Ең бірінші болып Э-1441 паровозы құрылыс заттарымен жүріп өтті.

Тарих беттерінде Түрксібтің орны ерекше. Ол тек бір облыс емес, бүкіл Қазақстан, Орта Азия, Сібір өлкесі үшін де маңызды жол торабы болғандығы әмбеге аян. Жаңа жұмыс орындарына тартылған, отырықшылыққа көшкен қазақтардың көбі осы жолдың арқасында ашаршылық жылдары аман қалды. Сондай-ақ, ел астанасының Қызылорда қаласынан Алматыға көшуіне ықпал етті.

Comments