Түркияда Ресей мен Украина делегацияларының үш жылда алғаш өткізілген келіссөздері аяқталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпараттарға сәйкес, кездесу шамамен екі сағатқа созылды. Ресей делегациясы үзіліс алып, залдан шыққаны белгілі. Кездесу қорытындысы бойынша олар жақын арада баспасөз алдына шықпақ.
Сонымен қатар, Украина президенті Владимир Зеленский де аталған кездесуге қатысты өз ойын айтып үлгерді.
"Егер Путин Түркияға келуден қорықпағанда осы аптада біз соғысты аяқтау тұрғысында маңызды қадамдар жасауға нақты мүмкіндік алар едік. Мен кеше Анкарада болдым, президент Ердоғанның шараға ат салысуы мен жылы қабылдауы үшін алғыс айтамын. Путинмен Анкарада немесе Ыстамбұлда тікелей кездесуге дайын болдым. Кездесуге дейін ғана емес, менің ойымша, барлық маңызды мәселелерді шешу үшін. Бірақ ол ештеңеге келіспеді. Путинді айтамын. Ыстамбұлға келген Ресей делегациясы өте төмен деңгейде екені белгілі. Оның құрамында
Оның айтуынша, Украина соғысты аяқтау үшін барлық нақты қадамға баруға дайын.
"Мен Путинді өз делегациясына нақты өкілеттіктер беруге шақырамын. Күні бойы Ыстамбұлда не болып жатқанын және Ресей делегациясы нақты қадамдар жасай алады ма, соған қатысты барлық мәліметпен бөлісіп отыратын боламын", - деп сөзін түйіндейді Украина басшысы.
Сондай-ақ, Украинаның қорғаныс министрі Рүстем Умеров БАҚ алдында олардың тарапы, ең алдымен, атысты тоқтату мәселесін талқылағанын айтты. Екі жақ өзара әр жақтан бір мыңнан тұтқын алмасатын болып келіскен. Басқ детальдары айтылмайды.