Финляндияда тікұшақтар соқтығысып, бес адам қаза тапты

829
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/06/0a5fe6b8-358b-4da6-9923-d75981586a06-960x500.jpeg?token=68b85ceb03c97e433cabe5f39f61b2a9

Сенбі күні Финляндияның оңтүстік-батысындағы Эура қаласының маңында екі азаматтық тікұшақ соқтығысып, апат салдарынан бортта болған бес адамның бәрі қаза тапты, леп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Оқиға жергілікті уақыт бойынша шамамен 12:35-те болған. Куәгерлердің айтуынша, тікұшақтардың бірі маневр жасап жатқан сәтте екіншісіне соқтығысқан. Соның салдарынан екеуі де жерге құлаған. Тікұшақтар шамамен 100 метр қашықтықта табылған.

Апат салдарынан бір тікұшақтағы екі, екіншісіндегі үш адам көз жұмған. БАҚ деректеріне сәйкес, қаза тапқандардың арасында екі эстондық кәсіпкер бар.

Тікұшақтардың бірі Эстонияда, екіншісі Аустрияда тіркелгені белгілі болды. Екеуі де Таллиннен ұшып шығып, Финляндиядағы Кумо аэродромына бет алған.

Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайларын Финляндияның тиісті органдары тергеп жатыр.

Comments