Ақмолалық оқушылар «Geo Star» республикалық олимпиадасының жүлдегерлері атанды

844
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/dizajn-bez-nazvaniya-960x500.jpg?token=326964fc269393e9b3982b78b4e35e98
2025 жылғы 12–15 мамырда Астана қаласында 7–8 сынып оқушылары арасындағы ұлттық «Geo Star» олимпиадасының республикалық кезеңі өтті. Бұл байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен ең білімді, белсенді және географияға ынталы жас дарындар жиналды. Акмола өңірін білім сайысына төрт оқушы таныстырды. Олардың екеуі ең алдыңғы орындарға ие болып, облыс намысын абыроймен қорғады. ІІ дәрежелі диплом Домбровский Тимурға бұйырды. Ол — Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылы, Досов атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы. Тимурдың терең географиялық білімі мен логикалық ойлау қабілеті қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. ІІІ дәрежелі диплом «Білім-инновация» лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Мустафин Әлтемірге табысталды. Альтемир өзінен күтпеген сұрақтарға да дәл әрі сенімді жауап беріп, жүлделі орынға лайықты үміткер екенін дәлелдеді. Осындай интеллектуалдық дода жас талапкерлердің білімге құштарлығын арттырып, еліміздің географиялық картасында Ақмола аймағын жоғары деңгейде танытуға мүмкіндік береді. Құрметті жеңімпаздар мен олардың ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер мен биік белестерді бағындыру жолында сәттілік тілейміз!  
Comments
Other materials