LRT-ның алғашқы вагондары Қытайдан Қазақстанға жөнелтілді

1200
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/02/whatsapp-image-2025-02-27-at-16.57.58-960x500.jpeg?token=0ae011eecb5a02741bf4bd37927bcc10
Қытайдың Таншань қаласында орналасқан «CRRC Tangshan Co., Ltd» зауытынан Астана қаласына арналған жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасына қажетті алғашқы екі вагон жөнелтілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС мәлімдеді. Жөнелту рәсіміне Қазақстан тарапынан «City Transportation Systems» басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев, ал Қытай тарапынан вагондарды өндіруші зауыттың басқарма төрағасы Чжоу Цюннянь мен бас мердігер CRAEC компаниясының бас директоры Чжоу Хайвэй қатысты. Таншань қаласындағы зауытта барлығы 19 заманауи, төрт секциялы, жүргізушісіз жүретін LRT вагоны өндіріледі. Бұл құрамдар автоматтандырудың төртінші деңгейіне ие және әрбірі 650 жолаушыға есептелген. Аталған вагондар 1881 жылы құрылған Қытай теміржол өндірісіндегі ең көне және ірі кәсіпорындардың бірі – «CRRC Tangshan» базасында жасалуда. «Астанаға алғашқы екі вагон маусым айында жеткізіледі. Қалған 17 құрам осы жылдың соңына дейін жеткізіледі. Желі бойынша алғашқы сынақтарды қыркүйек айында бастау жоспарланып отыр», – делінген «City Transportation Systems» таратқан ресми хабарламада. Қазіргі уақытта Астанадағы LRT жобасы аясында құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жол төсеу, станция қасбеттерін монтаждау, эстакада тіректері мен арқалықтарын сырлау, сыртқы инженерлік желілерді қосу, эстакада астын абаттандыру және депо құрылысы жалғасуда.
Comments