Трамппен сөйлесуде Путин "Паутинаға" жауап беретінін айтқан

1239
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/7feeb69a-487b-4e78-aad7-86ea9f86b2bf-960x500.jpeg?token=772dc930aff8e86b85d8b51c7749edd0
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Қарым-қатынас шамамен 1 сағат 15 минутқа созылған. Трамптың жазбасына сәйкес, басты тақырыптардың бірі — Украинадағы жағдай мен соңғы апталарда орын алған әскери шабуылдар болды. Атап айтқанда, Трамп Ресей аэродромдарына жасалған украин шабуылдары мен осыған байланысты Мәскеудің ықтимал жауап шараларын қозғағанын мәлімдеді.
«Мен жаңа ғана Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлестім. Қоңырау шамамен бір сағат он бес минутқа созылды. Біз Украинаның тұрақтағы ресейлік ұшақтарға шабуылын, сондай-ақ екі жақтың басқа шабуылдарын талқыладық. Әңгіме жақсы болды, бірақ тез арада бейбітшілікке әкелетіндей емес. Президент Путин жақында аэродромдарға жасалған шабуылға жауап беруге мәжбүр болатынын айтты», — деп жазды Трамп.
Бұдан бөлек, екіжақты диалогтың маңызды бөлігі Иранға және оның ядролық бағдарламасына арналды. Трамп Иранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол берілмеуі керектігін баса айтып, бұл мәселе бойынша Путинмен өзара түсіністікке келгенін жеткізді.
«Мен президент Путинге Иранның ядролық қаруы болмауы керек екенін айттым және менің ойымша, бұл мәселе бойынша бізде өзара түсіністік болды. Президент Путин Иранмен келіссөздерге қатысуды және процесті жылдамдатуға көмектесуді ұсынды. Менің ойымша, Иран осы өте маңызды мәселе бойынша шешім қабылдаумен айналысады және бізге жақын арада нақты жауап қажет болады», — деді Трамп.
Трамптың айтуынша, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша шешім қабылдауға уақыт барған сайын қысқарып барады. Сондықтан нақты қадамдар қажет екенін ескертіп өтті. Кремль де бұл телефон арқылы сөйлесуді растады. Ресейлік ТАСС агенттігінің хабарлауынша, тараптар халықаралық және аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударған. Алайда Кремль Трамптың жариялаған егжей-тегжейлерін нақтыламады. Әзірге нақты келісімдер мен әрекет жоспарлары жарияланған жоқ.
Comments