Украина президенті Владимир Зеленский ABC News арнасына берген сұхбатында Ресейдің стратегиялық әуе күштеріне қарсы бағытталған арнайы операция туралы айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW-ға сілтеп.
Оның айтуынша, Ресейдегі жүк көліктерінің жүргізушілері өз көліктеріне ұшқышсыз дрондарға арналған жасырын құрылғылар орнатылғанын білмеген.
«Олар (жүк көлігінің жүргізушілері) ештеңе білмеді. Олар тек өз жұмыстарын атқарды», — деді Украина президенті.
Зеленский операция барысында тек Украинада өндірілген құрал-жабдықтар мен қару-жарақ қолданылғанын баса айтты.
«Мен өзіміздің өндірісті ғана пайдалануды қаладым. Бұл айырмашылық нақты болуы тиіс еді», — деді ол.
АҚШ барлау қызметінің деректеріне сүйенсек, 2025 жылғы 1 маусымдағы әуе шабуылдарының нәтижесінде Ресейдің 20-ға жуық әскери ұшағы істен шыққан. Оның кемінде 10-ы толығымен жойылған.
НАТО дерегіне сай, Украина Ресейдің 10-13 стратегиялық ұшағын жойып, 40-тан астам әуе кемесін жарамсыз күйге түсірген. Оның ішінде Ту-95, Ту-22М3 бомбалаушы ұшақтары және А-50 радиолокациялық барлау ұшағы бар.
Жалпы келтірілген шығын 2–7 миллиард доллар көлемінде бағалануда.
Kazakhstan calls for the development of a phased plan for the complete elimination of nuclear weapons by 2045