Түркістанда жасөспірім 2-сынып оқушысын зорлады деген ақпарат тарады

1236
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/6cfad497-e851-4ef8-9dc4-175b2d91d279-960x500.jpeg?token=a72975b4171f5cc1ddb7b86890ce85ee

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында 8-сынып оқушысының 2-сыныпта оқитын қызды зорлағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Facebook қолданушысы Нұрсұлтан Тошаевтың айтуынша, оқиға 7 маусым күні болған.

«Өткен аптада 8-сыныптың оқушысы 2-сыныпта оқитын қыз баланы Сүңгі өзенінің жағалауына апарып зорлап, намысына тиген деген дерек шықты. Қазір қылмыстық іске сараптама жасалып, қорытындысы шықты деген ақпарат бар»,—деді ол.

Түркістан облысының полиция департаменті зорлық оқиғасы бойынша күдікті ретінде кәмелетке толмаған бала ұсталғанын мәлімдеді.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір полиция барлық жағдайларды анықтауға бағытталған қажетті жедел тергеу іс-шараларын жалғастырып жатыр. Іс департамент басшылығының бақылауында»,—деді ПД баспасөз қызметі.

Comments