Қазақстанда пәтерді қолма-қол сатып алуға тыйым салынды

719
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/3_fq_ll_n_qm_hzy_o4_m_ga_n_yovp_gcd_h_jl2w3_a1_d_gj_nud_kw_4848e5c7ff-960x500.jpg?token=4426ca3297002f4549152d78971f9fbe

Сенат пәтерді қолма-қол сатып алуға тыйым салды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды. Сенатор Сүйіндік Алдашевтің айтуынша, құжаттың мақсаты – үлестік құрылысты мемлекеттік тұрғыдан қатаң бақылауға алу, заңсыз құрылыс көлемін азайту, автожол саласындағы кадрлық әлеуетті күшейту және мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру. Үлестік құрылысқа қатысты жаңа шектеулер енген: • Салынып жатқан үйлерге алдын ала шарт жасауға тыйым салынады. • Үлескерлердің қаржысын тартуға рұқсатсыз жарнама жасауға

тыйым салынады. • Жергілікті билік құрылыс процесін қатаң бақылайды. • Құрылысы аяқталмаған үйден ипотека арқылы мүлік сатып алуға шектеу қойылады. • Барлық келісім тек қолма-қол ақшасыз жүргізілуі тиіс • Құрылыс мерзімін 9 айдан 5 айға қысқартуға рұқсат беріледі. Жергілікті атқарушы орган рұқсат бергеннен кейін, құрылыс салушыларға тұрғын үйдің қаңқасы аяқталмай тұрып-ақ үлескерлерден ақша тартуға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, құрылыс салушының активі бойынша талаптар 15%-дан 10%-ға дейін төмендетіледі. «Бұл шаралар адал құрылыс салушыларға үлескерлердің мүддесіне нұқсан келтірмей, жобаларды икемді түрде қаржыландыруға мүмкіндік береді», – делінген заң жобасын әзірлеушілердің түсіндірмесінде.

Comments