Жоғалған тұрғын құдықтың ішінен табылды

3506
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/3aa01b35-f8ee-4074-a3e2-aa2d74db19c5.jpeg
Түркістан облысында жоғалған тұрғын құдықтың ішінен табылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.
«2021 жылғы 16 наурыз күні сағат 14.00-де Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне екі күн бұрын мал іздеп шыққан 1980 жылы туған ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД (11 қызметкер мен 1 бірлік техника, Полиция департаментінің күштері мен құралдары (1 қызметкер) және жоғалған адамның туыстары (3 адам) жұмылдырылды. 16 наурызда сағат 15.10-да құтқарушылар ер адамды жоғалып кеткен орыннан екі шақырым жерде Көккөз ауылынан тауып алды. Ол тереңдігі 3 метр құдыққа түсіп кетіп, өздігінен шыға алмаған екен»,-делінген хабарламада.
Құтқарушылар тез арада ер адамды құтқаруға кіріскен. Олар құтқару жібінің көмегімен ер адамды құдықтан алып шықты. Айта кетейік,ер адам медициналық көмекке мұқтаж емес.

«Адырна» ұлттық порталы

Comments