АУЫР СЫННАН АМАН ӨТКЕНІМІЗ — ПРЕЗИДЕНТКЕ НАҒЫЗ СЕНІМ АРТУ!
ЕЛ ҚАМЫН ОЙЛАҒАН ЕРЕУІЛШІЛЕР мен ЕЛГЕ ҚАРСЫ ЛАҢКЕСТЕРДІ АЙЫРА БІЛЕЙІК!
ОТАН МҮДДЕСІНЕН
ОЛИГАРХТАР МҮДДЕСІН АРТЫҚ КӨРУ неге апарып соқты?!.
ТІЛ БОЛМАҒАН ЖЕРДЕ ДІЛ БОЛМАЙДЫ!
Діл болмаса, дым болмайды!
Жаңа жылдың алғашқы аптасы — Тәуелсіз мемлекетімізге қатер төнген, төңкеріс жасауға ұмтылған аса ауыр күндер, «Қаңтардың қанды аптасы» болды!
- Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Ел басына күн туғанда — Ер басына күн туған барлық ауыр сынақты Мемлекет басшысы ретінде көтере біліп, елін аман сақтап қалды!
- Біз ең алдымен әрнәрсені анықтап алып, өз атымен атауымыз керек!
- Ереуілге шыққандардың талабын билік орындады. Газдың бағасын түсіріп, жанар-жағармай, азық-түлік бағасын түсіріп, бірқалыпта ұстау туралы шешім қабылданды.
- Жаңаөзеннен басталған ереуіл алдымен елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының қиындығына байланысты басталды.
- Біз Жаңаөзенде ереуіл басталған күннің ертеңіне 3 қаңтарда бір тәулікке жетпей «Халықтың орынды талабы орындалуы тиіс» деп жаздық. Ел талабы орындалды.
- Енді осы елдің талаптарының орындалуы үшін Ел тыныштығы керек ең алдымен! Яғни, ең бірінші тыныштықты қалпына келтіруіміз қажет!
- Біз Халықты, мемлекетті қорғау үшін Президенттің барлық қажетті қатал шараларға баруын қолдап, қуаттаймыз!
- Жаңаөзенде ереуіл басталған күннен кейін 4 қаңтарда біз «Ақ жол» партиясы фракция жиынын өткізіп, елді тыныштыққа шақырдық.
- Жаңаөзен мен Ақтауда ереуілге шыққан ел неге тып-тыныш тұрып, тонау мен қарақшылық жасамай, ешқандай арандатуға ермеді? Өйткені, олар сол жердің тұрғындары! Өз жерін өздері талқандай ма? Ал Алматы мен Талдықорғанда, Таразда, Шымкент пен Қызылордада, Семейде және тб жерлерде ереуілге арнайы дайындықтан өткен содырлар, басқа жақтан келген «легионерлер» басшылық жасады. Сондықтан, қалаларды тас-талқан етті.
- Ал осы сырттан келген, барлық дайындықтан өткен қаптаған лаңкестер мен содырлар елімізге қалай кірген? Елімізде мемлекетке қарсы төңкеріс ұйымдастырылуына біздің арнаулы органдар неге жол берген?
- Ел басына түскен бұл ауыр сынақ кімнің кім екенін көрсетті?
- Құдайға шүкір, Президент Қ.Тоқаевтың батыл шешімдері арқасында елімізде Конституциялық тәртіп қайта орнады.
- Қазір елдің тағы бір алаңдауы — ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ШАРТЫ ҰЙЫМЫ (ҰҚШҰ) әскерінің келуі.
Қазыбек ИСА,
"Адырна" ұлттық порталы