Президент жаңа Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысын тағайындады

1262
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/U4Q4EJg8xE0u4POz8N970FuywOwwVI0N2BqLyYDT.jpg

Мемлекет басшысының өкімімен жаңа Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Садықов Қайрат Ануарбекұлы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды», – делінген Ақорда Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.

Қайрат Садықов 1967 жылдың 14 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол:

1988 жылы Орынбор жоғары зениттік зымыран командалық училищесін, 2010 жылы Ұлттық қорғаныс университетінің академиялық курстарын, 2013 жылы Д. А. Қонаев атындағы университетті, 2022 жылы Ұлттық қорғаныс университетінің Бас штаб факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі бас басқарманың бастығы қызметінен бастаған.

Сондай-ақ ол ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскері қолбасшысы (2019 жылғы 5 мамыр – 2022 жылғы 29 желтоқсан) қызметін атқарған.

2023 жылдан бастап ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас қолбасшы басқармасы штабының бастығы қызметін атқарып келген.

Пікірлер