Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы жанжалға алаңдаушылық білдірді

1271
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/01/erdoғan.jpg

Түркия Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске алаңдаушылықпен қарап, тараптарды сабыр сақтауға шақырды. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Әзербайжаннан оралған жолында ұшақ бортында журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Report-қа сілтеме жасап. 

Ол бұл мәселені Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен талқылағанын атап өтті.

«Түркияның Әзербайжанмен де, Ресеймен де терең дипломатиялық әрі стратегиялық байланыстары бар. Біз екі ел арасындағы шиеленісті мұқият бақылап отырмыз және тараптарды сабыр мен ұстамдылық танытуға шақырамыз. Біз бұл мәселе дипломатиялық шиеленісті бәсеңдететін мәлімдемелер арқылы оңай әрі ақылмен шешіледі деп есептейміз. Ресей мен Әзербайжан арасындағы бұл жағымсыз оқиғалар екіжақты қарым-қатынастарға орны толмас зиян келтірмей, тез арада тоқтайды деп үміттенемін», – деді Ердоған.

Оның айтуынша, бұл мәселеге сабырмен қарау қажет.

«Біз бұл екі дос елдің өзара түсіністікпен бұл мәселені еңсеруге ниетті екенін білеміз. Түркия бұл мәселені шешуге бағытталған барлық конструктивті қадамдарға қолдау көрсетуді жалғастырады. Біздің басты мақсатымыз – Оңтүстік Кавказда зор қиындықпен орнаған тұрақтылықты шайқалтуы мүмкін кез келген шиеленістің алдын алу. Бұл аймақ соғыс пен қақтығыстардан әбден қажыған. Жаңа жанжалдарға төтеп беретін жағдай жоқ. Түркия бұл мәселе дипломатиялық жолмен шешіледі деп сенеді. Бұл мәселе менің Ильхам Әлиевпен кездесуімде күн тәртібіне енді», – деп түйіндеді Ердоған.

Пікірлер