Израиль Газа ауруханасына екі рет соққы жасады. Журналистер мен дәрігерлер қаза тапты

1717
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/qMuCyKHjBz7z2DudknZwmBbFle6VIoKUHCHwt3ph.webp

Газа секторының оңтүстігіндегі Хан-Юнисте орналасқан Насер ауруханасына Израиль қатарынан екі соққы жасады. Салдарынан 20 адам қаза тапты, олардың қатарында журналистер мен медицина қызметкерлері бар. Израиль бұл әуе шабуылдарын «қайғылы оқиға» деп атады. Бұл туралы ВВС жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Алғашқы соққыдан кем дегенде бір адам қаза тапқан. Бірнеше минуттан кейін құтқарушылар мен журналистер оқиға орнына жеткен сәтте екінші соққы жасалып, тағы бірнеше адамның өмірі қиылды.

Қаза тапқандардың арасында халықаралық ақпарат агенттіктерінде жұмыс істеген бес журналист бар. Олар – Associated Press, Reuters, Al Jazeera және Middle East Eye сынды бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл жағдайды «қайғылы оқиға» деп атап, Израильдің «өкінішін» білдірді. Сондай-ақ, әскерилер бұл оқиғаға байланысты жан-жақты тергеу жүргізіп жатқанын айтты.

Аурухана дәрігерлерінің айтуынша, алғашқы соққы жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10 шамасында жасалған.

Пікірлер