Ақмола облысында трассада көлік жөндеп жатқан екі жігітті көлік қағып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қайғылы жағдай 11 қыркүйекке қараған түні Астана – Петропавл республикалық тас жолының 178-шақырымында болған.
Екі жас жігіт көліктің дөңгелегін жөндеу үшін жол бойында тоқтаған.
Сол сәтте өтіп бара жатқан Nissan Almera автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі жол жиегіндегі адамдарды байқамай, қағып кеткен.
Салдарынан 21 жастағы жігіт алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Ал екінші 21 жастағы жігіт ми шайқалу, дене жарақатымен Бұланды аудандық ауруханасына жеткізілген.
Аталған факті бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар