Алматы маңындағы қоқыс полигонынан шыққан өрт әлі сөндірілмеді

1852
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/F3L7Izqk24QmJQ76SBoRJWBENAHbdxs5Bmgz6bkT.webp

Алматы облысындағы қоқыс полигонынан шыққан өрт үшінші күн қатарынан тоқтамай тұр. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Министрлік өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.

«Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әріновтің тапсырмасы бойынша кеше кешке өрт орнына Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев келді. Іс-қимылдарды үйлестіру оқиға орнында да, ТЖМ Командалық орталығынан да жүргізілуде. Полигонда өртті сөндіру жұмыстарын тәулік бойы жүзеге асыратын жедел штаб құрылды»,—делінген хабарламада.

Қазіргі таңда өрт орнында «Терең-Қара» өзенінен ашық су көзіне автомобиль-сорғы жеңін орнату арқылы магистральдық желі тартылып, суды үздіксіз жеткізу ұйымдастырылған. Бұл жұмыстарға 6 бірлік техника, атап айтсақ, бір автомобиль-сорғы жеңі және 5 автоцистерна жұмылдырылған.

Өртті сөндіруге Алматы, Шымкент қалалары, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Жетісу және Абай облыстарының ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ ҚР ТЖМ Мартбек Мамраев атындағы 52859 және Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері қосымша жұмылдырылған.

«Өртті сөндіру бойынша барлық қажетті шара ТЖМ күшімен тәулік бойы орындалуда. Күндіз-түні құтқарушылар ошақтарды инертті материалдармен толтырып, топырақты тығыздау жұмыстарын жүргізуде. Бұл әдіс оттың бықсуын оттегінің қолжетімділігін толығымен жауып, өрттің түпкілікті жойылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,—деп толықтырды министрліктің баспасөз қызметі.

Пікірлер