Луврды тонады деген екі күдікті ұсталды

1241
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/PHe10GVpVWpfzqPBOqh1kxnwLpJbdqR4yztlDWfo.jpg

Фото: HOUPLINE-RENARD/SIPA

Париждегі Лувр мұражайын тонауға қатысы бар деген күдікпен екі француз азаматы ұсталды. Бұл туралы  Le Parisien басылымы жазды, жеп хабарлайды “Адырна”.

Ақпаратқа сәйкес, 2025 жылғы 25 қазанда кешке екі күдікті қамауға алынған.

Олар Сена-Сен-Дени департаментінен шыққан, шамамен отыз жастағы ер адамдар.

Тергеу дерегіне сай, олар төрт қылмыскерден тұратын топтың мүшесі болуы мүмкін. Бұл топ әйгілі француз мұражайына автомобиль көтергіші бар жүк көлігін пайдаланып кірген.

Еске салсақ, бұл оқиға 18 қазанда болған. Сол күні мұражайдан француз корольдерінің баға жетпес әшекейлері ұрланған болатын.

Пікірлер