Orda.kz редакциясы тінтулерден кейін жұмысын жалғастыруда

489
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SJwIYb2Ggz2a5plkvw6wCjmeG9HZbSqeSoQfwDuM.jpg

1 желтоқсанда Orda.kz басылымының кеңсесі мен бас редактордың үйінде жүргізілген тінтулерден кейін редакция өз жұмысын тоқтатпай, қалыпты режимде қызметін жалғастырып жатыр. Бұл туралы журналист Исламбек Дастан бас редактор Гүлнар Бажкенованың «Жұмыс істейміз. Orda.kz өз қызметін жалғастырады» деген сөздерін келтіріп, айтты, деп хабарлайды “Адырна”.

Жамбыл облысындағы Orda.kz тілшісінің мәліметінше, өңірлік филиалдың шеф-редакторы Дмитрий Ким жауап алу рәсімінен соң байланысқа шыққан. Ал бас редактор Гүлнар Бажкенова адвокатының қатысуымен тергеу әрекеттерінде жүргені хабарланды.

Редакция өкілдері тінтулерді басылымға ғана емес, жалпы журналистикаға жасалған қысым ретінде бағалайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, адвокат Марат Адам бұған дейін Orda.kz-тегі 70% үлеске қатысты рейдерлік әрекет бойынша қылмыстық іс 28 қарашада қозғалғанын айтқан. Оның сөзінше, тергеу шаралары кезінде құқық қорғау органдары оны қорғалушысына жібермей, қорғау құқығын бұзған.

Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жабық режимде жүргізілуде. Редакция болса, қандай жағдайға қарамастан ақпараттық қызметін жалғастыра беретінін атап өтті.

Еске салсақ, бүгін, 1 желтоқсанда Orda.kz басылымы редакциясында және оның бас редакторы Гүлнар Бажкенованың пәтерінде тінту жүргізілген болатын.

Бажкеноваға қатысты қылмыстық істер "қате және әдейі жалған ақпарат тарату" фактілері бойынша бірнеше арыз түсуіне байланысты қозғалған. Тергеу деректеріне сүйенсек, арызданушылардың уәждері қазір жан-жақты қаралып жатыр.

Пікірлер