Freedom Holding Corp. Тимур Турловтың құрылымдары реттеуші органдардың мақұлдауы алынған жағдайда «Транстелеком» АҚ-ны сатып алуға кіріскенін хабарлады.
«2025 жылғы 11 желтоқсанда "Транстелеком" АҚ акционерлері директорлар кеңесінің жаңа құрамын бекітті. Бұл өзгерістер компанияны Тимур Турловтың құрылымдары сатып алу процесінің басталуымен байланысты болып отыр. Тараптар мәміленің негізгі параметрлері бойынша келісімге келіп, мемлекеттік бақылаушы органдардан рұқсат алу кезеңіне өтуде», – делінген хабарламада.
Компанияны одан әрі дамыту стратегиясын қарастыру біраз уақыт алатындықтан, әзірге басшылық құрамына немесе қазіргі операциялық моделіне өзгерістер енгізілмейтіні мәлім болды.
«Транстелеком» АҚ телекоммуникация, цифрландыру және IT, байланыс, автоматтандыру және энергетика салаларындағы жүйелерді біріктіруге маманданған Қазақстандағы ірі байланыс операторларының бірі болып саналады.
Осы жылдың ақпанында Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев «Транстелеком» директорлар кеңесі төрағалығынан кетті