Әзербайжан билігі әуе кеңістігін Иранға қарсы әскери әрекетке пайдалануға жол бермейтінін айтты

135
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ZcEqcTX9v8yymogrbRZ4M0bkDczHlarsb2u74wy0.jpg

Әзербайжан өз аумағы мен әуе кеңістігін көршілес Иранға немесе кез келген басқа мемлекетке қарсы әскери операциялар жүргізу үшін пайдалануға жол бермейді. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Ақпаратқа сәйкес, ол бұл ұстанымды Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчимен телефон арқылы сөйлесу барысында жеткізген.

Министрдің айтуынша, Әзербайжан тарапы үнемі тараптарды жағдайды ушықтыруы мүмкін әрекеттер мен мәлімдемелерден бас тартуға шақырып келеді. Ресми Баку Иранның ішінде немесе айналасында тұрақсыздық туғызатын қадамдарға қарсы екенін атап өткен.

Мәлімдеме екі ел арасындағы дипломатиялық байланыс аясында жасалған.

Пікірлер