Жамбылдағы жанжал. Командирлер қызметінен босатылды

185
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/1nTHfXdsGhySdFPdgT9cHq9ViaBB78EB0ZkXgOtP.jpg

Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімде болған оқиғаға қатысты кадрлық шешімдер қабылданды. Бұл туралы бүгін, 18 ақпанда Қорғаныс министрлігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Министрлік мерзімді қызмет сарбазына дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті. Одан бөлек, басқа лауазымды адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, қызметтік тексеру жүргізілген.

«Нақты айтқанда, кадрлық шешім қабылданып, басшылық құрамындағы төрт лауазымды тұлға – әскери бөлім командирі, оның тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, батальон командирі және рота командирі қызметтерінен босатылды. Әскери бөлім командирінің орынбасары – штаб бастығына, батальон командирінің орынбасарына және оның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына қызметтік әрекетке сәйкес емес деп ескерту жарияланды. Бірқатар офицерлер мен сержанттарға қатаң тәртіптік жазалар қолданылды»,-делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, қабылданған шаралар атқарып отырған лауазымына қарамастан, дербес және бұлтартпас жауапкершілік қағидатын көрсетеді.

«Қазақстан Республикасының заңына сәйкес барлық мән-жайға түпкілікті қорытынды мен құқықтық баға тергеу нәтижелері бойынша беріледі»,-деп қосты ведомство.

Еске салайық, Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметкерлер арасында жанжал шығып, бір сарбаздың төменгі жақ сүйегі сынған болатын.

Пікірлер