"Қосымша жәрдемақы төленеді". Желіде жалған ақпарат тарады

118
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/pTSPuyiG56CJMpwnRfrafXuKDdkVRdUPEpuhXwUJ.jpg

Қазақстандықтар арасында қосымша жәрдемақы туралы жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әлеуметтік желілер мен чаттарда 2026 жылы Қазақстан азаматтарына 432 500 теңге көлемінде төлем жасалатыны туралы ақпарат тарала бастады. Ақпаратқа сәйкес, ақша табысы 232 000 теңгеден аз отбасыларға және белгілі аурулары бар адамдарға берілуі тиіс.

Алайда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл мәліметтің шындыққа сәйкес еместігін айтты. Заңнамада мұндай төлем қарастырылмаған.

«Мұндай хабарламаларды көбіне алаяқтар азаматтардың жеке деректеріне қол жеткізу үшін пайдаланады. Сақ болу керек: күмәнді сілтемелерге өтіп, жеке деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеу қажет», – деп ескертті ведомство.

Ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен келеді және мемлекеттік органдардың ресми сайттарында жарияланады.

Пікірлер