Дәмханадағы жарылыс. Қаза тапқандар саны артты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/u9m8RzTYJpUekvphIVBZtrs55jLxF6PuZMs7NfGv.jpg

"Палау орталығында" болған жарылыстан қаза тапқандар саны жетіге жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қайғылы оқиға кезінде қаза тапқандар саны 7 адамға жеткен. Олардың бесеуі оқиға орнында көз жұмса, тағы екеуі 26 ақпанда жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Қаза болғандардың арасында 16 жастағы қыз бар.

Алдын ала мәлімет бойынша, 15 адам ауруханаға жатқызылған. Қазіргі уақытта стационарлық ем қабылдап жатқан науқастар саны – 13. Тағы 6 адам дәрігерлер тексеруінен өтіп, қажетті көмек алғаннан кейін амбулаторлық емге жіберілген.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің басым бөлігі әртүрлі деңгейдегі күйік алған. Олардың жағдайы мамандардың тұрақты бақылауында.

Оқиға орнында шұғыл медициналық көмек көрсету үшін облыс орталығынан қосымша медицина қызметкерлері тартылып, үш анестезиолог-реаниматолог бригадасы жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта жарылыстың себептері анықталып жатыр. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

 

Пікірлер