Қыздар оқитын мектепке шабуылдан 60 шамалы оқушы қаза тапты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/OLaAucbxerDk0gmFgtcZgibvJBfI5XEBVauylZNa.jpg

Иранның Хормозган уәлаятына қарасты Минаб округінде орналасқан қыздарға арналған бастауыш мектепке жасалған әуе соққысы салдарынан алпысқа жуық бала қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар бөлек тағы 80 адам жарақат алған. Құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатқандықтан, құрбандар саны өзгеруі мүмкін.

Иран билігі бұл шабуыл үшін Израиль қорғаныс армиясын жауапты деп айыптады. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі ведомствоның баспасөз қызметі жетекшісі Хосейн Керманпурға сілтеме жасап мәлімдеді.

28 ақпанда жағдай күрт шиеленісе түсті. Израиль қорғаныс армиясы Иран аумағындағы ондаған әскери нысанға алдын ала соққы жасағанын хабарлады. Өз кезегінде Тегеран жауап ретінде Тель-Авив қаласына баллистикалық зымырандармен шабуыл жасап, сондай-ақ АҚШ-тың әскери базаларын нысанаға алған.

АҚШ президенті Дональд Трамп арнайы мәлімдемесінде Вашингтонның Иранның ядролық бағдарламасына қатысты «шыдамы таусылғанын» айтты. Оның сөзінше, Тегеран келісімдерден бас тартып, алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарды дамытуын жалғастырып отыр.

Иран сыртқы істер министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымы мен халықаралық қауымдастықты бұл жағдайды айыптауға және шұғыл шаралар қабылдауға шақырды. Ресми Тегеран АҚШ пен Израиль әрекеттері өңірлік және жаһандық қауіпсіздікке бұрын-соңды болмаған қауіп төндіріп отырғанын мәлімдеді.

Ал Ресей сыртқы істер министрлігі тараптарды саяси-дипломатиялық жолмен келісімге келуге шақырып, қақтығысты бейбіт реттеудің маңызын атап өтті.

Оқиғаға байланысты Иран әуе кеңістігі уақытша жабылып, азаматтарға әуежайларға бармау ұсынылды.

Пікірлер