Трамп Иранды бір-ақ түнде «жайпап» салатынын айтты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/OuaFgS2QGUVN1p44h5lPBxOwJrNSDDGux7mTfOlb.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды сейсенбінің бір түнінде «жойып тастауға» болатынын мәлімдеп, қорқытты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақ үй басшысының айтуынша, америкалық қарулы күштер соңғы апталарда Иран аумағына ауқымды әуе шабуылдарын жүргізген.

Оның сөзінше, соңғы 37 күнде 10 мыңнан астам әуе шабуылы жасалып, 13 мыңнан астам нысанаға соққы берілген.

Президент Трамп Иранмен қақтығыс жағдайында Вашингтонға қолдау көрсетпеген одақтас елдерді сынап, қолдау білдіргендерді мақтады.

«Жапония бізге көмектеспеді, Аустралия көмектеспеді, Оңтүстік Корея көмектеспеді. Кейін НАТО-ға жүгінесіздер — олар да бізге көмектеспеді. Сауд Арабиясы керемет болды, Қатар керемет болды, БАӘ, Бахрейн, Кувейт — барлығы да қолдау көрсетті», — деді ол Ақ үйдегі баспасөз мәслихатында.

Президент АҚШ-тың аталған елдерге қауіпсіздік тұрғысынан қолдау көрсетіп отырғанын да атап өтті.

«Жапонияда оларды Солтүстік Кореядан қорғап отырған 50 мың әскери қызметкеріміз бар. Оңтүстік Кореяда Ким Чен Ыннан қорғап отырған 45 мың әскеріміз бар», — деді Трамп.

Пікірлер