Дрондар жол ережесін бұзған жүргізушілерді анықтап жатыр

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/RsLqinELLLAphrGcZfV3KpjgzAdSltzdiIDyCKky.png

Көкшетау қаласының полициясы квадрокоптерлер арқылы жол ережесін бұзған жүргізушілерді тіркеп жатыр. Бұл жөнінде 3 сәуірде ақпарат тараған, де хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Биыл 12 наурыздан бастап камералар рөлде отырып телефон пайдаланған немесе қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушілерді тіркеуге кірісті. Әлеуметтік желіде тараған видеодан тәртіп сақшыларының қаланы әуеден бақылап отырғанын көруге болады.

Бейнежазбадан жүргізушілердің қолындағы телефон анық көрінеді. Дрондар қауіпсіздік белдігін тақпағандарды, телефон пайдаланғандарды, жаяу жүргіншіге жол бермегендерді, жолды өткелден басқа жерде кесіп өткендерді және бағдаршам сигналын елемегендерді байқайды.

Дрондар өздері айыппұл сала алмайды. Техника тіркеген ақпарат патрульге жіберіледі, ал полицейлер жүргізушіні тоқтатып, ереже бұзылғанын көрсетіп, хаттама толтырады.

Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, негізгі мақсат – айыппұл санын көбейту емес, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жүргізушілерге ескерту жасау.

Пікірлер