«Сұңқар» зымыран тасығышының алғашқы сынақ ұшырылымы 13–16 сәуір аралығында жүзеге асырылуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.
4 сәуірге жоспарланған ұшырылым қосымша техникалық тексерістер жүргізу қажеттілігіне байланысты кейінге шегерілген. Қазіргі уақытта старттық кешен мен зымыран жүйелері толық тексеріліп жатыр. Барлық ескертулер жойылған соң, нақты ұшыру күнін мемлекеттік комиссия бекітеді.
Айта кетейік, зымыранды алғаш рет 27 наурызда ұшыру жоспарланған еді. Алайда техникалық себептерге байланысты мерзім бірнеше рет кейінге қалдырылды. 31 наурыз күні «Сұңқар» зымыраны пайдалы жүктеменің макетімен бірге монтаждау-сынақ корпусынан старттық алаңға шығарылып, тік күйде орнатылды.
Ұқсас жаңалықтар
"Қазақстан Қытай туристері үшін тартымды бағыттың бірі бола алады". Қытаймен визасыз режим туралы Президент пікірі
