Қазақстан құрамасы Филиппинде Азия кубогында төрт медаль жеңіп алды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/o1JzH6ZsjNEN6FYp8EQOO4KCHVAmINC2EgazZMLD.jpg

Қазақстан ұлттық құрамасы Азия кубогы триатлон жарысында төрт жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Жарыс Субик-Бей қаласында өтіп, оған ересектер мен жасөспірімдер санатындағы спортшылар қатысты. Жасөспірімдер арасында Рамазан Айнегов пен Алуа Нұрмұхамбет жеңімпаз атанды. Ал тағы бір қазақстандық спортшы Валерия Шнейдер күміс жүлдеге ие болды.

Ересектер арасындағы жарыста Дәрын Қонысбаев күміс медаль жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы Азия кубогын төрт медальмен аяқтады.

Пікірлер