Елордада LRT-ның қашан қолданысқа берілетіні хабарланды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wuImVznlYwo1HuyFmRidZ7l91gIYzqJ5BenNYNyM.jpg

Астана қаласында жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесіне арналған вагондар журналистерге таныстырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Құрамдар Қытайда құрастырылып, елорданың климаттық ерекшеліктеріне бейімделген. «City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаевтың айтуынша, вагондар қыста ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендеген жағдайда сынақтан өткізілген. Жобалау кезінде шуды азайтуға ерекше мән берілген.

Оның мәліметінше, Қазақстан тарапының талабына сәйкес вагон қабырғалары қалыңдатылып, арнайы резеңке материалдар қолданылған. Бұл шешім пойыз ішіндегі және сыртындағы шуды барынша төмендетуге мүмкіндік береді.

LRT құрамының техникалық сипаттамаларына сәйкес, бір пойыздың ұзындығы 60 метр, биіктігі 3,8 метр, ені 2,8 метр. Әр құрам төрт вагоннан тұрады және 600-ден астам жолаушыны тасымалдауға қауқарлы. LRT 16-17 мамыр күндері қолданысқа беріледі деп күтілуде. Ал жол жүру құны 200 теңгені құрайды.

 

Пікірлер