Қазақстандық балуан Моңғолиядағы турнирде күміс медаль алды

99
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/MM4Ty1zayhXMqcZe3RNUDvLxNVOBjcx4HJsIcQeC.webp

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан күрестен рейтингтік турнирде Қазақстан құрамасы бірнеше жүлдеге қол жеткізді. Ел құрамасының көшбасшыларының бірі Азамат Дәулетбеков күміс медаль иеленді. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Ақпаратқа сәйкес, еркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Азамат Дәулетбеков турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Ол жарыс барысында сәтті өнер көрсетіп, финалға дейін жеткен.

Еркін күрестегі тағы бір жүлдені Болат Сақаев қоржынға салды.

86 келіге дейінгі салмақта белдескен қазақстандық балуан турнирді үшінші орынмен аяқтап, қола медальға ие болды.

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Эльмира Сыздықова да жүлдегерлер қатарынан көрінді.

76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен спортшы қола медаль иеленіп, ұлттық құраманың жалпы көрсеткішін жақсартты.

Бұған дейін Ұлан-Батырдағы турнирде қазақстандық спортшылар тағы бірнеше медаль жеңіп алған болатын.

Грек-рим күресінен:

  • Еркебұлан Ардақов (63 келіге дейін) – қола медаль;
  • Олжас Сырлыбай (130 келіге дейін) – қола медаль.

Ал әйелдер күресінде Нилуфар Раимова (57 келіге дейін) де қола жүлдегер атанды.

Осылайша Қазақстан құрамасы Моңғолиядағы халықаралық рейтингтік турнирде медальдар санын көбейтуді жалғастырып жатыр.

Пікірлер