Чемпионаттағы тең ойындар күні. 1 күнде 4 матч тең нәтижемен аяқталды

99
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/V3auocqUhLsTQeyZiCGNxEoEtju9iIScHrK4tCzI.avif

15 маусым күні өткен әлем чемпионатының топтық кезеңінде өткен төрт ойын тең есеппен аяқталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Чемпионат сайтына сілтеп.

Бұл – әлем чемпионаттары тарихындағы сирек кездесетін жағдайлардың бірі. Ойын күнінің нәтижелері бойынша Испания құрамасы Кабо-Вердемен 0:0 есебімен тең түссе, Бельгия мен Мысыр құрамалары 1:1 есебімен тарқасты.

Сондай-ақ Сауд Арабиясы мен Уругвай арасындағы кездесу де 1:1 есебімен аяқталды. Ал Иран мен Жаңа Зеландия құрамаларының матчында жанкүйерлер төрт голдың куәсі болып, ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.

Бір күнде өткен төрт матчтың да тең аяқталуы әлем чемпионаттары тарихында екінші рет тіркеліп отыр. Бұған дейін мұндай көрсеткіш 1958 жылғы дүниежүзілік додада болған еді. Сол кезде бір ойын күнінде өткен сегіз кездесудің төртеуі тең нәтижемен аяқталған.

Пікірлер