Қазақстанның үш аумағында орман өрті тіркелді

112
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/VVIPsOZatS6Dqlt6gImIqHm9PxxIuVKt2I5Gp74b.webp

18 шілдеде Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында үш орман өрті тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлаған.

Комитет мәліметінше, өрттердің бірі Ақмола облысында, екіншісі Павлодар облысындағы «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, үшіншісі Шығыс Қазақстан облысында болған.

Өрт ошақтарын анықтау және сөндіру жұмыстарына мемлекеттік орман күзеті, «Қазавиаорманқорғау» РМК мамандары, сондай-ақ қажет болған жағдайда ТЖМ бөлімшелері жұмылдырылған.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта орман өрттерін оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда.

Пікірлер