Жекеменшік мектепте футбол қақпасы балаға құлап кеткен

241
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/6FhENWbWGBqG1v9IzBInpXgept8qomYCllQtpxb3.webp

Астанада жаттығу кезінде үстіне футбол қақпасы құлаған бала жансақтау бөліміне түсті. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балаға қазіргі уақытта қажетті қарқынды ем жүргізіліп жатыр. Дәрігерлер медициналық көмекті толық көлемде көрсетуде. Оқиғаға байланысты Қазақстан футбол федерациясы да мәлімдеме жасады. Федерацияның хабарлауынша, футбол алаңы жеке футбол мектебіне жаттығу өткізу үшін жалға берілген.

ҚФФ оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында ішкі тексеру жүргізіп жатыр. Сонымен қатар нысанның және спорттық жабдықтардың техникалық жағдайы зерттеледі. Федерация тергеу жүргізіп жатқан уәкілетті органдарға қажетті ақпарат беруге және оқиғаның мән-жайын анықтауға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Қазір баланың жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

Пікірлер