Ормұз бұғазы. Иран АҚШ-қа жауап берді

103
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/EeHU88oWkdxC6spoMNqjvzg0yHvDPoyBHeEoGcLl.webp

Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гарибабади АҚШ президенті Дональд Трамптың Ормұз бұғазын АҚШ аумағы деп жариялау туралы мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Анадолыға сілтеп.

Иран дипломаты әлеуметтік желідегі парақшасында Ормұз бұғазын «твитпен, авианосецпен, бұйрықпен немесе сайлауалды сөзбен басып алу мүмкін емес» деп атап өтті. Гарибабадидің айтуынша, Иран АҚШ тарапынан жасалған қысым мен күш көрсетуге берілмейді.

«Иран қауіп-қатерден қорықпайды және күш көрсету арқылы қорқытуға болмайды», – деп жазды ол.

Иран СІМ орынбасары Ормұз бұғазының мәртебесіне қатысты Тегеранның ұстанымы өзгермейтінін атап өтті.

«Ормұз бұғазы ирандық болды, ирандық болып қала береді», – деді Гарибабади.

Оның сөзінше, бұғаздың ашылуы немесе жабылуы тек Иранның шешімімен жүзеге асырылады. Дипломат АҚШ-ты Иранмен қақтығыстағы жағдайды мойындап, «қиялдан бас тартуға» шақырды. 

Пікірлер