АҚШ Ирактағы әскери контингентін толық шығаруды аяқтады. Бұл туралы 30 қыркүйекте Пентагон айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Эрбильдегі әуе базасынан коалиция күштері мен әскери техниканың жоспарлы түрде шығарылуы Ирактағы әскери миссияның аяқталғанын білдіреді. Осы миссия барысында «Ислам мемлекеті» (ИМ) террористік ұйымы талқандалды», – делінген АҚШ Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.
Құжатқа сәйкес, енді ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті Ирактың қауіпсіздік күштеріне жүктеледі.
Бұған дейін, 28 қыркүйекте Тегерандағы Ирак үкіметі АҚШ әскерінің елден толық шығарылғанын хабарлаған болатын.
«Барлық жауынгерлік бөлімше мен логистикалық қолдау көрсеткен күштер ел аумағынан кетті», – делінген Ирак үкіметі өкілінің мәлімдемесінде.
АҚШ пен Ирак америкалық әскерді шығару туралы келісімге 2024 жылы келген. Вашингтонның мәліметінше, соңғы жылдары Иракта шамамен 2500 америкалық әскери қызметкеи орналасқан. АҚШ-тың соңғы бөлімшелері Эрбиль қаласында, Бағдад әуежайы маңындағы әскери базада және Бағдадтағы үкіметтік «жасыл аймақта» тұрған.
АҚШ пен оның одақтастары 2014 жылдан бері Сирия мен Ирак аумағында «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына қарсы операциялар жүргізді. 2017 және 2019 жылдары Ирак пен Сирияда террористердің әскери тұрғыдан жеңілгені жарияланды. Дегенмен, ұйымның жекелеген жасырын топтары сақталып қалып, әлі де террористік шабуылдар жасап келеді. Алайда экстремистер Сирия мен Ирактағы кең аумақтарға бақылауын жоғалтқан.
Сонымен қатар Ирандағы соғысқа байланысты Ирактағы қауіпсіздік жағдайы да күрделене түскені айтылды. Қақтығыс барысында Ирактағы америкалық нысандар мен күрд күштерінің объектілері де шабуылдарға ұшыраған.
Жоспар бойынша Иранмен байланысты қарулы топтар АҚШ әскері шығарылғаннан кейін қарусыздандырылып, олардың мүшелері мемлекеттік қауіпсіздік құрылымдарына қосылуы тиіс еді. Алайда Ирак премьер-министрі Әли әз-Зейди бұл шараның 2027 жылдың маусымына дейін кейінге шегерілетінін мәлімдеді.
"Ақша бермесең тепкілейді": Алматыда әскерге сау кеткен сарбаз психиатриялық ауруханадан бір-ақ шықты
